Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ қоғам ішіне іріткі салып, жат қылықтарды ақтауды көздейтін кез келген әрекетке, құқықтық нигилизмге қоғам болып тосқауыл қоюымыз керек деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
«Мұндай қылмыстардың алдын алып, жолын кесу үшін менің тапсырмаммен нақты шаралар қа¬былдануда. Әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді. Сондай-ақ Мәжілістің бір топ депутаты халыққа Жолдауымның аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің жаңа әрі тиімді шараларын қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр».
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қ.Тоқаев: Тұрмыстық зорлық-зомбы¬лыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187074/)