Батыс Қазақстан облысында жаңа жылдан бастап «прокурорлық сүзгі» қосымша қызметі енгізіледі. Бұл - инвесторларды бюрократия, негізсіз айыппұл мен салық, сот созбалаңынан қорғауға мүмкіндік беретін жүйе. Қазір прокурорлар 42 инвестициялық жобаны әкімшілік кедергілерден арылтуға кірісті. Оның 11-і қадағалау органының көмегімен пайдалануға берілді. Соңғы үш жылда облыс прокурорлары 12 мың кәсіпкердің құқығын қорғаған.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да «прокурорлық сүзгі» қызметі іске қосылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187075/)