Иранның оңтүстігінде болған екі бірдей жарылыстан 103 адам қаза тапты. 170-тен астам адам жараланған. Жарылыс Керман қаласында генерал Касем Сулеймани жерленген зират маңында болған. Бұл жерге халық марқұмды еске алуға жиналған еді. «BBC»-дің хабарлауынша, бомба қашықтан басқарылған. Бірінші жарылыс бейіттен 700 метр, екіншісі 1 шақырым қашықта болған. Әзірге оны кім ұйымдастырғаны белгісіз. Иран билігі оқиғаны теракт деп атады. Тергеу жүріп жатыр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иранда екі жарылыстан 100-ден аса адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187109/)