Иран жарылыс құрбандарын еске алып, аза тұтуда. Президент Ибрахим Раиси қылмысқа жауаптылардың барлығы жазасын алады деп мәлімдеді. Біріккен Ұлттар ұйымы және Еуропалық Одақ Иран халқына көңіл айтты.
100-ден аса адамның өмірін қиған жарылыс Керман қаласында генерал Касем Сулеймани жерленген зират маңында болған. Бұл жерге халық марқұмды еске алуға жиналған еді. «BBC»-дің хабарлауынша, бомба қашықтан басқарылған. Бірінші жарылыс бейіттен 700 метр, екіншісі 1 шақырым қашықта болды. Әзірге оны кім ұйымдастырғаны белгісіз. Иран билігі оқиғаны теракт деп атады. Тергеу жүріп жатыр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иранда қаралы күн жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187120/)