Қазақстандық авиакомпания ұшағының Лондон әуежайына экстремалды қонуы британиялықтарды таң қалдырды. «Air Astana» әуеакомпаниясының ұшқыштары қатты дауылды желге қарамастан жолаушылар мінген бортты аман-есен қондырды. «BBC» телеарнасы жариялаған кадрларда ұшақтың теңселгені байқалады. Куәгерлер әуе кемесі экипажының кәсібилігінің жоғары бағалады. Ұшқыш екінші айналымға кетпей, тепе-теңдікті сақтап қалды. Англияда «Хэнк» дауылы соғып, екпінді желмен бірге үздіксіз жауын жауды. Электр жарығы өшіп, пойыз қатынасында да кедергілер болды.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Отандық әуе кемесі экипажы шетелдіктерді таң қалдырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187122/)