Алматыда тауар толы ауыр жүк көлігі өртеніп кетті. Оқиға Алтын Орда базарына жетпей көпірдің үстінде болған. Салдарынан таңнан бері Райымбек даңғылының бойында ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Полиция қазір мән-жайды анықтап жатырмыз, - деп хабарлады. Бір анығы, көліктің жүк тиелген бөлігі ғана түгелдей өртеніп кеткен. Жүргізушісі аман.
Әйгерім Ердәулет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жүк көлігі өртеніп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187127/)