Биылдан бастап қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтіндер әлеуметтік төлем алады. Бұл металлургия, энергетика, тау-кен секторындағы жұмысшыларға қатысты. Арнайы төлемді кемінде 7 жыл міндетті зейнетақы жарналарын төлеген 55 жастағы азаматтар ала алады. Қазір елімізде осы санатта 37 мың адам бар. Оларға қаңтардан бастап, ай сайын 208 мың теңге көлемінде төлем беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биылдан бастап қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтіндер әлеуметтік төлем алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187150/)