АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен соңғы үш айда Таяу Шығысқа осымен төртінші рет аттанды. Ол Израильге, Батыс жағалауға, Түркияға, Грекияға, Иорданияға, Катарға, Араб Әмірліктеріне, Сауд Арабиясына, Мысырға барып, Израиль-Хамас соғысының аймаққа тарауына жол бермеу мәселесін талқылайды. Айта кетсек, қазір Газадағы қарулы қақтығыс Батыс жағалауға, Ливанға, Қызыл теңіздегі кемелер қатынасына жетеді деген қауіп туындап отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу шығысқа тағы да аттанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187214/)