![Астанада спорттық бал биінен Silk Way-2016 әлем кубогы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_517.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Спорттық балл биінен Silk Way-2016 Әлем кубогында 500 жуық бала жарысқа түседі, - деп хабарлайды Астана Әкімдігінің баспасөз қызметі.
Silk Way-2016 шарасына Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінің бишілері қатысады.
7-17 жастағы балалар кіші, орта және ересек топтарда ча-ча-ча, самба, вальс және т.б. танымал бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салады.
- Бұл біздің ең үздік жобаларымыздың бірі. Біз балалардың өнерін, шығармашылығымыздың ерекшелігін және қонақтарымыздан не үйренетінімізді көрсетпекпіз. Қазылар алқасының мүшелері – тәжірибелі педагогтар – хореографиялық залдарда балалар мен бапкерлерге шеберлік сыныптарын өткізеді, - деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.
Фестиваль аясында сондай-ақ, халық билерінен конкурс өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада спорттық бал биінен Silk Way-2016 әлем кубогы өтеді &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/18722/)