Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бес өңірінде жол жабылды. Нақтырақ айтқанда, республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Жетісу, Ақмола облысы мен Астана қаласында 1 учаске, Қарағанды облысында – 6, Павлодар облысында - 2 жол учаскесі жабылды. Ақмола мен Қарағанды облысында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелсе, Жетісу және Павлодар облысы мен Астанадағы «Астана-Темірау» тас жолында көліктің барлық түрі үшін жол жабық. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жолда абай болуды ескертеді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің бес өңірінде жол жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187251/)