Атырауда тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккен 3 айлық нәресте шетінеді. Денесінің 80 пайызын күйік шалып, ауруханаға ауыр жағдайда түскен еді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2-ші қаңтар күні Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 5 адамды күйік шалған. Ауыр жарақаттан 3-ші және 5-інші қаңтар күндері 60 жастағы ер азамат пен 54 жастағы әйел адам көз жұмды. Қазір сол үйдің 22 жастағы келіні мен бір бала ауруханада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккен 3 айлық нәресте шетінеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187254/)