Көкшетаудағы батут орталығында өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды. Оның 30-ы бала. Төтенше оқиға кеше кешке болды. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Өрт сөндірушілер оны бір сағат шамасында толық өшірді. Бұл жұмысқа 31 қызметкер мен 9 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетаудағы батут орталығында өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187256/)