Жапонияда өткен аптада болған зілзаладан қаза тапқан адам саны 161-ге жетті. Мұны ел билігіне сілтеме жасап, «Франс 24» халықаралық жаңалықтар арнасы мәлімдеді. 100-ден аса адам ізім-ғайып болғандар тізімінде. Жолдың бұзылуы шалғайдағы аудандарға жетуге кедергі келтіріп жатыр. Оның үстіне қалың қар іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты. Бұған қоса, ауыр салмақтан ғимараттарға құлау қаупі төніп тұр. Исикава префектурасында ондаған мың адам әлі электр жарығынсыз, сусыз отыр.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда зілзаладан қаза тапқандар саны 161 адамға жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187259/)