Астанада екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Қазгидрометтің мәліметінше, елордада 8 қаңтарда қалың қар жауып, кей уақытта бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -2 градусқа төмендеп, аяз болады.
Сондай-ақ қолайсыз ауа райына байланысты елдің 5 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Қазір жолдарды тазартуға 333 техника мен 485 адам жұмылдырылған.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187273/)