Алматы облысының тауларында 11 қаңтарға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті қауіптің алдын алу үшін тұрғындар мен туристерден қарлы беткейлерге шықпауды сұрап отыр. Сондай-ақ, таулы жерден өтетіндерге аса сақ болуды ескертеді. Өйткені Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында бас-аяғы 55 қауіпті учаске бар.
Әйгерім Ердәулетқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187341/)