«1WIN» онлайн-казино ұйымдастырғандарға халықаралық іздеу жарияланды. Онлайн-платформа тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен. Алматы облыстық Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі хабарлады. Ойыннан түскен қаржы интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берген. Былтыр жалпы онлайн-казино айналымы шамамен 4 миллиард теңге болған. Қазір онлайн-казино сайты бұғатталған. Төрт ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге тыйым салынды. Сондай-ақ 2 автокөлік тәркіленді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Онлайн-казино ұйымдастырғандарға халықаралық іздеу жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187386/)