Майқайыңдағы опырылған шахтаға түсіп кеткен автобустағы құтқарушыларды іздеу комиссиясының жұмыс тобында болған Павлодар облысы әкімінің 1-ші орынбасары жол апатына ұшырады. Көктайғақ кесірінен жол талғамайтын Ланд Крузер көлігі аударылып кеткен. Серік Батырғожинов пен оның көмекшісі қазір нөмірі 1-ші қалалық ауруханада ем қабылдауда. Жүргізуші аман. Олар Майқайың кентінен Павлодарға келе жатқан. Терең шұңқырға түсіп кеткен автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушыны іздестіру жұмыстары басталғалы 6 тәулік өтті. Бірақ нәтиже жоқ. Бұған дейін екі құтқарушының денесі шығарылған шыңырауда қазір арнайы техника мен 130-дан астам адам жұмыс істеуде. Өндірістегі апаттың нақты себебін анықтау үшін арнайы комиссия жасақталды.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жол апаты: Облыс әкімінің бірінші орынбасары ауруханаға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187396/)