Маңғыстауда қызылша жұқтырғандардың саны республикалық көрсеткіштен асып кетті. Қазір аймақта 380-нен астам науқас бар. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 2,5 % - ға жоғары.
Облыста 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бүлдіршіндердің дерті асқынған. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Тағы 100-ден аса адам ауруханаларда емделуде. Көпшілігі - бала. Сондай-ақ, 3 жүкті әйел бар. Ал одан бөлек 300-ге жуық тұрғын үйде ем қабылдауда. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта инфекция ошағы пайда болған жағдайда вакцина қоры жеткілікті.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187409/)