Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин еліміздің стратегиялық зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің отырысына қатысты.
Жиында институттың биылғы жылға жоспарланған талдау жұмысының негізгі бағыттары мен маңызды іс-шаралары талқыланды. Ерлан Қарин институттың аймақтардағы сарапшылар қауымдастығымен қарым-қатынасты нығайтуға, жас сарапшыларды қолдауға, халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты бастамаларына оң баға берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Стратегиялық зерттеулер институты ғылыми кеңесінің жоспары талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187436/)