Америкада қыс қарқарына мінді. Боранды дауыл миллиондаған американдықтың күнделікті тұрмыс тірішілігіне қауіп төндіріп тұр.
Солтүстік-Шығысқа қарай орналасқан 90 млн-нан астам адам қатты жел мен толассыз жаңбырдан зардап шеге бастады. Жүздеген үй мен көлік, тас жолдар су астында қалды. Нью-Йорк, Филадельфия, Бостон сияқты ірі қалалардың қозғалысына да тасқын кедергі келтіріп жатыр. Сағатына сексен шақырым жылдамдықпен соққан жел салдарынан электр желілерін үзіліп, 500 мыңға жуық үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды.
Жалғас Сәдібекұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та ауа райының қолайсыздығы 90 млн адамды әуреге салды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187454/)