Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне қатысты іс сотқа жіберілді. Полицейлердің мәліметінше, 11 адам күдікті деп танылған. Олардың ішінде кәмелет жасқа толмаған бала бар. Күдіктілерге өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді және ақша бопсалады деген айыптар тағылып отыр.
Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельстерінен 19 жастағы Роман Бодаговтың денесі табылған болатын. Қайтыс болған студенттің ата-анасы, одан бәзбіреулер ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған еді. Кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылып, ішкі істер министрлігі екі қылмыстық іс қозғады.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған студенттің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187458/)