Маңғыстауда білім беру ұйымдары басшыларының заңсыз әрекеттері әшкере болды. Кейбір директорлар сабақ бермесе де, басқа мектептерден айлық алып отырған.
Құзырлы орган өкілдері осындай заңсыздыққа жол берген 3 педогогты анықтады. Олардың бірі облыстық білім басқармасының қызметкері. Қалған екеуі Қарақия ауданындағы білім үйлестіру орталығының басшысы мен нөмірі 7-ші орта мектептің директоры. 3 қызметкер де аталған аудандағы кешкі ауысымды мектептен заңсыз айлық алып келген. Олар пән мұғалімдері болып тіркеліп, сабақ бермеген болып шықты. Заңсыз алынған 1 млн 300 мың теңге мемлекетке қайтарылды.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында мектеп директорларының заңсыз әрекеттері әшкереленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187534/)