Жапонияда зілзала құрбандарының саны 215-ке жетті. Бұл деректі "The Japan Times" басылымы жариялады. Ақпаратқа сай, 38 адам жоғалып кеткендер тізімінде. Ал эвакуацияланған адам саны 24 мыңнан асты. Жер сілкінісінен қатты зардап шеккен аймақтарда ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 6 мыңнан аса сарбаз жұмылдырылған. Қуаты 7,6 баллдық дүмпу Жапонияның Исикава префектурасындағы Ното түбегінде қаңтардың бірінде болды. Үйсіз қалған азаматтарға уақытша баспаналар тұрғызылып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда зілзала құрбандарының саны 215-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187558/)