Шымкенттік дәрігерлер сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа күрделі операция жасап, ажалдан арашалап қалды. Ұйқы безінің түтікшесінде пайда болған тастан жеті жылдай қиналған емделушінің жағдайы қазір жақсы. Келесі аптада ауруханадан шығады, - дейді дәрігерлер.
Абай Төрегелдиев, емделуші:
Шәйді айтпай-ақ қояйын, су ішкізбейді ғой. Қарныңның ашқанын білдірмейді. Мына ауру жаман екен. Ащыны жақтырмайды бұл бәле, тәттіні жақтырмайды бұл понкратит деген бәле. Острый деген бәлені мүлде. Біраз қиналдым.
Дәурен Қабылов, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Алдағы жақын болашақта 5-6 айға дейін диетада болады бұл кісі. Диета ұстап айтқан дәрілерді уақытында ішіп жүрсе асыну болмауы керек.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте күрделі операция сәтті жасалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187585/)