Wildberries компаниясы қоймадағы өрт кезінде жұмыста болған 54 қызметкерге әлі хабарласа алмай отыр. Жұмысшылардың біразы ғимараттан шыққан кезде жеке заттарын, ұялы телефондарын жұмыс орындарында қалдырып кеткен. Сондықтан әзірге ешқайсысы із-түзсіз жоғалғандардың санатына ресми қосылмады. Санкт-Петербургтегі өрт кезінде ғимаратта кемі 1000 адам болған. Компания қызметкерлердің жақындары үшін жедел желі нөмірін де іске қосқан. Соның арқасында хабарсыз кеткен жұмысшылар туралы ақпараттар келіп жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Wildberries компаниясы 54 қызметкеріне хабарласа алмай отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187607/)