Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дания Королі X Фредерикті құттықтап жеделхат жолдады.
«Сіздің басшылығыңызбен Дания өзінің орнықты дамуын, халқының әл-ауқатын еселеп, халықаралық аренадағы беделін арттыру жолындағы игі істерді жалғастыра беретініне кәміл сенемін. Қазақстан мен Дания арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген жан-жақты ынтымақтастық бірлескен күш-жігеріміздің арқасында алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор», – деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Патшайым лауазымынан мерзімінен бұрын өз еркімен кетіп, тақ мұрагері Фредерик ханзаданы Дания Королі ретінде жариялаған Маргрете II-ге де жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Дания арасындағы ынтымақтастықты дамытуға сүбелі үлес қосқаны үшін Маргрете ІІ-ге ризашылығын білдірді.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Дания Королі X Фредерикті құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187609/)