Вашингтонда Ақ үйдің сыртқы қақпасына көлік соғылды. Полиция ереже бұзып, ғимарат мүлкіне зақым келтірген жүргізушіні қамауға алды. Күдіктінің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.
АҚШ-тың Құпия қызметі тергеу жүргізіп жатыр. Өткен айда да осыған ұқсас оқиға тіркелген еді. Көлікті мас күйінде жүргізген Делавэр тұрғыны АҚШ президенті Джо Байденнің кортежіне соғылған.
Жалғас Сәдібекұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Вашингтонда Ақ үйдің сыртқы қақпасына соқтығысқан көлік жүргізушісі ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187643/)