Еуропалық одақ – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Сыртқы сауданың шамамен 30%-ы және тартылған инвестицияның 40%-ы соған дәлел. Былтыр тауар айналымы 5%-ға жуық өсіп, шамамен 38 млрд долларға жетті. Бұл туралы еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинаспен кездесуде айтты.
Сонымен қатар қазір елде 6 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 130-ы өткен жылы ғана қосылғанын жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде Еуроодақпен бірлескен 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187655/)