Үндістанның бірнеше қаласында ұшақ рейстері мен пойыз қатынасы екінші күн қатарынан доғарылды. Себебі елдің солтүстігін қалың тұман басып, күн суытқан. Нью-Делиде таңертең 168 ұшақ рейсі кейінге қалдырылып, 56-сы көкке көкке көтерілген жоқ. Қою тұманға байланысты елдің түрлі бөлігіне қатынайтын 20-ға жуық пойыз жолға уақытынан кешігіп шыққан. Әзірге тұман қашан сейілетіні белгісіз.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда ұшақ рейстері екі күн қатарынан доғарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187660/)