Елордада Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына спортшыларды шығарып салу рәсімі өтті. Шара барысында конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен шорт-трекші Ерасыл Шыңғысханға Көк туымыз табысталып, спортшылар ант берді. Көк байрағымызды ойыншылар – Оңтүстік Кореяда, олимпиаданың ашылу салтанатында ұстап шығатын болады. Елімізден дүбірлі додаға спорттың бес түрінен 42 ойыншы барады.
Ерасыл Шыңғысхан, шорт-трекші:
Дайындық өте жақсы. Осы соңғы екі ай бойы дайындалып келе жатырмыз. Орын алуға мүмкіндік өте көп. Шорт-трек орын алуға көп шанс бар спорттардың бірі. Орын аламыз деп ойлаймыз. Қазақ елінің туын көкке көтереміз деп ойлаймыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Спортшылар Канвон олимпиадасына аттанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187663/)