Ирактың Күрдістан автономиялық аймағындағы, АҚШ-тың әскери базасы мен консулдығы төңірегінде бірнеше жарылыс болды. Шабуылды Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы өз мойнына алған. Олар «Иранға қарсы шпиондық және террористік топтардың штаб-пәтері» жойылғаны туралы хабарлады. Өз әрекеттерін Иранның Керман қаласындағы зиратта болған жарылыс үшін кек алу деп мәлімдеді. Нысандарды атқылауға зымырандар мен дрондар қолданылған. Алайда «Рейтер» АҚШ-тың екі шенеунігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап, шабуылдан америкалық нысандардың ешқайсысы зардап шекпегенін алға тартады.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иран күштері Американың әскери базасына шабуыл жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187682/)