Өмір мен өлім арасындағы 5 минут. Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған тұрғын дәрігерлердің көмегімен аман қалды. 30 жастағы бойжеткеннің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған. Нәтижесінде науқас клиникалық өлімнен оянды. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген. Қазір өміріне қауіп жоқ дейді дәрігерлер.
Мейрамгүл Кенжебаева, қала тұрғыны:
Дәріні ішкен екен. Ол арықтатуға, тәбетті тартуға көмектеседі деп. Жастар ғой, салмақ тастағанды өздеріне дәреже көре ма? Келгеніне бір 8 мин өтпей реанимировать етті баланы. Біздің мамандардың өте жоғары деңгейі дайындығы осы қызымның өмірінің жалғасуына себеп болды деймін.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минутқа тоқтаған адам аман қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187686/)