Премьер-Министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті. Қаржылық ұйыммен серіктестік Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған. 30 жыл ішінде елімізде жалпы сомасы 8 млрд доллардан астам 48 бірлескен жоба сәтті іске асырылған. «Бүгінде 6 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті Әлихан Смайылов. Өз кезегінде Татьяна Проскурякова Ұйым Қазақстан бойынша жаңа жобаларды дайындауды жандандырғанын, оған былтыр тамызда өткен келіссөздердің ықпал еткенін атап өтті.
Оңғар Алпысбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дүниежүзілік банк Қазақстандағы 6 жобаны қаржыландырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187690/)