Ұлы дала дүбірі. Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды. Бейнеролик Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен басқосуда бекітілді. Шараны әлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырды. Дүбірлі дода, қыркүйектің 8-і мен 14-і аралығында өтеді. Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатыспақ. Елордаға 100 мыңнан астам турист тартылады деген болжам бар. Ойынның ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылуы «Қазанат» ипподромында өтеді.
Қаракөз Тұрмағанбет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187769/)