Ресейдің Ростов облысы, Шахты қаласындағы «Авангард» полимер зауытында жарылыс болып, кәсіпорын отқа оранды. Тілсіз жау 360 шаршы метрге жеткен. Өрттен 9 адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. 3 жұмысшыны күйік шалған.
Жарылыс себебі жұмысшылардың салғырттығынан болуы мүмкін. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдегі «Авангард» полимер зауытында жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187806/)