Бүгін Оңтүстік Кореяда IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 5 спорт түрінен 41 атлет қорғайды. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы Олимпиада қалашығын аралап, қазақстандық спортшыларға сәттілік тіледі. Канвон-2024 ойындарына 14 пен 17 жас аралығындағы әлемнің 80-ге жуық елінен келген 1800 спортшы қатысады. Олар 7 спорт түрінің 15 бағдарламасы бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салады.
Оңғар Алпысбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореяда Канвон-2024 Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187895/)