![«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы дайындаған фильм «Алтын Гефест» ұлттық сыйлығын иеленді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_878.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бауыржан Айтқазин бастаған «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы дайындаған фильм «Алтын Гефест» ұлттық салалық байқауында үздік деп танылды.
Байқауға биылғы жылы 53 жоба ұсынылған. «Телевизиядағы үздік журналистік жұмыс» аталымы бойынша «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының «Бозшакөл: Қазақстан индустриясының игілігі үшін» бағдарламасы озық шықты. «Алтын Гефест» мүсінімен жоба авторы - телеарна директоры Бауыржан Айтқазин марапатталды.
Жоба Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының ашылуы туралы баяндайды. Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған өндіріс орны өткен жылы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір кезінде «Парыз» сыйлығын иеленген болатын.
Айта кетейік, «Алтын Гефест» - тау-кен металлургия саласын БАҚ-та насихаттау бойынша жыл сайынғы ұйымдастырылатын ұлттық салалық байқау.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы дайындаған фильм «Алтын Гефест» ұлттық сыйлығын иеленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/18791/)