Ел ішіндегі 8 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтті. Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, олар Ақтөбе облысындағы 4 бөгет, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы 3 тоған мен 1 су қоймасы. Елімізде жалпы саны 22 гидротехникалық нысанның қараусыз қалғаны анықталған. Оның 5-уі қираған және одан әрі пайдалануға жарамайды. Енді облыс әкімдіктерімен бірлесіп, қалпына келтіру кешенді жоспары әзірленген. Тағы 9 нысанды коммуналдық меншікке қабылдау бойынша жұмыс жүріп жатқаны белгілі болды.
Қарагөз Тұрмағанбет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ел ішіндегі 8 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187967/)