Бүгін Шығыс Қазақстан облысында 5 ауданның оқушылары қашықтан оқып жатыр. Өңірде соңғы екі тәуліктен бері ауа райы тұрақсыз. Солтүстік таулы аудандарда қар аралас жаңбырлы дауыл соғып тұр. Салдарынан қар көшкіні жиілеген. Ал оңтүстік-шығыс аудандарда жаңбыр жауды. Жолдың көбі көктайғақ. Қауіпсіздік үшін түнгі уақытта өңірдегі кейбір бағыттар бойынша жолдар жабылды.Тек таңғы жетіден бастап ашылды.
Олжас Керейхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында бес аудан оқушылары қашықтан оқиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187984/)