Нарықта жұмыртқа сататын делдал қаптап кетті. Олар сауда желілеріне тауарды негізсіз қымбатқа сатқан. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Жұмыртқа өндірушілерге қатысты да тергеу жүргізілген. 8 құс фабрикасына 125 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жалпы елімізде жұмыртқа өндірісі жылдан-жылға азайып келеді. Былтыр экспорт көлемі 17 пайызға төмендесе, импорт керісінше 50 пайызға артты. Бағаның өсуіне, сонымен бірге ветеринарлық препараттардың қымбаттауы да әсер етіп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нарықта жұмыртқа сататын делдалдар көбейіп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188029/)