Ал биылғы егіс науқанына жеңілдетілген несие беруді қаржыландыру басталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, «Аграрлық несие корпорация»-на 15 млрд теңге түскен. Жыл соңына дейін бюджеттен тағы 125 млрд теңге аударылады. Жеңілдетілген несие алуға 458 фермер өтінім берген. Оның ішінде жалпы құны 9 млрд 400 млн теңге болатын 200-ден астам өтініш мақұлданды. Енді бұл шаруаларға кредит бүгіннен беріле бастайды. Жалпы көктемгі егіс және егін жинау науқанына арналған несие 5 пайыздан аспайды. Қарыз 2025 жылдың 1 наурызына дейін беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биылғы егіс науқанына жеңілдетілген несие беруді қаржыландыру басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188031/)