АҚШ-тың Калифорния штатында дүлей дауыл соқты. Үздіксіз нөсер жауып, өзендер арнасынан асып, су тасыған. 5 мыңдай үй электр жарығынсыз қалды. Сан-Диего қаласында төтенше жағдай жарияланды. Тасқынға байланысты көптеген көлік жолы жабылған. Мектептерде сабақ тоқтады. Жалпы АҚШ-тың бір жерінде су тасыса, өзге аудандарда боран соғып, қалың қар жауды. Елде ауа райының қолайсыздығынан тоқсаннан астам адам қаза тапты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың Калифорния штатында төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188093/)