Павлодар облысындағы «МайқайыңАлтын» кен байыту комбинатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәсіпорынға тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деген айып тағылып отыр. Полиция 40-тан аса жұмыскер мен комбинат басшылығынан жауап алған. Апат болған аумақтың бейнежазбалары да, іс материалдарына тіркелді. Тергеу барысы бас прокуратураның бақылауында болады.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні шахта аумағында жол опырылып, кәсіби апаттық-құтқару қызметінің 4 қызметкері отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Екі адамның денесі сол күні шығарылды. Автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл жұмыстарға 147 адам, 45 арнайы техника жұмылдырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Майқайыңалтын» кен байыту комбинатына қатысты қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188102/)