Елімізде электромобиль сатып алушылар қатары артты. Қуат көзімен жүретін көлік саны бір жылда 10 есе өскен. Мәселен, өткен жылы 570 транспорт ел аумағына кіргізілсе, қазір оның саны 7680-ге жетті. Сарапшылар бұл өсімді елге тасымалдау үшін кеден және салық төлемдерінен босататын квота санының көбеюімен байланыстырады. Бүгінде Астанада 1160 электромобиль бар. Ал Алматыда оның саны 4 есе көп. Дегенмен, көлікті қуаттайтын станция бекеті жеткіліксіз. Еліміз бойынша 112 пункт қана жұмыс істейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде электромобиль сатып алушылар көбейіп келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188104/)