Президент мемлекет қайраткері, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбековті қабылдады. Әңгімелесу барысында, Қасым-Жомарт Тоқаев түркі тілдес мемлекеттердің мәдени, рухани, тарихи, саяси-экономикалық салалардағы байланыстарын нығайту қажет екенін айтты. Икрам Адырбеков, Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы, бүкіл түркі халықтарына ортақ тарихи шаһар ретінде дамыту үшін атқарылуы тиіс шаралар туралы ой-пікірімен бөлісті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбековті қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188109/)