Ақмола облысында 12 миллион теңгеге жуық бюджет қаржысын жымқырған экс-шенеунік 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды. Бурабай аудандық тұрғын үй-коммуналдық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы серіктестік директорының орынбасарымен сөз байласып, Зеленый бор ауылына қазандық құбырын қоюға бөлінген қаржыны талан-таражға салған. Яғни, іс жүзінде орындалмаған жұмыстарды аяқталды деп құжаттарға қол қойған. Мұндай қитұрқы әрекетке барған мердігер де 2 жыл 8 айға сотталды.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында бюджет қаржысын жымқырғандар сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188172/)