Астана іргесіндегі әскери бөлімнен жанар-жағармай ұрлады деген әскери қызметшілерге прокурор 5 жылдан 10 жылға дейін жаза кесіп, шендерінен түгел айыруды сұрады. Бүгін атышулы іс бойынша жарыссөз өтуде. Процесті Астанадағы әскери сот ғимаратында Ақмола гарнизонының әскери соты қарауда. Таңертең 10:00-де басталған сот отырысы әлі жалғасады. Себебі, іс 100-ден аса томға жазылған және 100-ден аса куәгер бар. Айта кетейік, Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 488 млн теңге болатын жанар-жағар май ұрланған деген факті бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Тергеу деректерінде дизель ұрлығы 3-4 жыл бұрын басталады делінген. Алғаш рет отын жетіспеушілігі Қаңтар оқиғасы кезінде байқалған. Кейін тексеріс жүргізіп, жанар-жағармайдың 2018 жылдан бері жымқырылғаны белгілі болды.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Прокурор жанар-жағармай ұрлаған әскерилерге 10 жыл жаза кесуді сұрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188185/)