Солтүстік Қазақстанда 90-ға тарта елді мекенді су басуы мүмкін. Қауіпті аймақта 5 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Құтқарушылар үй-үйді аралап, су тасқыны бола қалса, қалай әрекет ету қажеттігін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қаңтар айында түскен жауын-шашын көлемі әдеттегі мөлшерден 3 есе асып кетті. Қыс басталғалы облыс бойынша 355 мың текше метр қар шығарылды. Интертті материалдар мен арнайы техника әзірленуде.
Ернар Рүстем, СҚО ТЖД бөлім бастығының міндетін атқарушы:
Олардың 30-ы өзендердің тасуынан, 14-і көлдердің тасуынан және 43-і жерүсті суларынан болуы мүмкін. Су тасқынының қаупін азайту үшін алдын-ала іс-шаралар жүргізіледі.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-да 87 ауылды су басуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188205/)