Сирия жөніндегі 22-ші халықаралық кездесу Астанада биыл өтеді. Бүгін Астана процесінің 21-ші Халықаралық кездесуі қорытындыланды. Жиынға Сирия мен Қарулы Сирия оппазициясы өкілдері келді.
Ал Ресей, Түркия және Иран кепілгер елдер ретінде екі жақты және үшжақты келіссөздер жүргізді. Мақсат – Сириядағы дағдарыс пен Таяу Шығыстағы гуманитарлық жағдайды қалыпқа келтіру. Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары – Әлібек Бақаевтың айтуынша Астана процессінің арқасында Сириядағы жағдай едәуір тұрақталып, қалыпқа келудің алдында тұр. Дегенмен, Газа секторындағы жағдай, Палестина-Израиль қақтығысының ушыға түскені, Йемен төңірегіндегі қақтығыс пен Израиль-Ливан шекарасындағы қиындықтар Сирияға әсерін тигізуі мүмкін. Екі күнге созылған кездесу барысында осы түйткілді шешу үшін халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру жағы талқыланды.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сирия жөніндегі Астана процесінің ХХI кездесуі қорытындыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188215/)