Оңтүстік Кореядағы Жасөспірімдер Олимпидасында жүлделі болып, көк туымызды желбіреткен шорт-трекші Полина Омельчук елге оралды. Спортшыны елорда әуежайынан қарсы алуға әріптесім Асылбек Данияр барған еді.
Асылбек Данияр, тілші:
Ел намысын асқақтатып, қоржынымызға екінші жүлдені салған шорт-трекші Полина Омельчукті қарсы алып жатырмыз. Спортшы 1000 метрге жүгіруден мәреге үшінші болып келді. Жанкүйерлер мен спорт саңлақтары жеңімпазды бар сән-салтанатымен қарсы алды. Жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпанға дейін жалғасатын болады. Әзірге қоржынымызда 1 алтын, 2 қола медаль бар.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореядағы Жасөспірімдер Олимпидасының жүлдегері елге оралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/188221/)